Макромолекуласы буындары функционал топтарының қасиеттерімен ерекшеленуші полиэлектролиттердің әсерінде сазды гидродисперсия тұрақтылығының өзгеруі

МРНТИ 31.15.37                                                                             №3 (2020г.)

Асанов А., Мамешова С.А.

 

Функционал топтарының табиғаты, мольдік ара-қатынасымен ерекшеленуші полиэлектролиттер әсерінде сазды гидродисперсияның тұрақтылығының өзгеруі зерттелді. Макромолекуласы иондалмайтын винилацетат және акриламидтен түзілген полиэлектролиттің гидродисперсияның тұрақсыздануына әсері өте әлсіз оң зарядты амид функционалды акриламид буынының көбеюімен біршама артатындығын көрсетті. Гидродисперсияның тұрақсыздануы күшті ионданушы ароматты амин функционалды 2-метил-5-винилпиридин және алифатты амин диэтиламиноэтилметакрилат функционалды буындардың оңтайлы мольдік ара-қатынасында түзілген полиэлектролиттің әсерінде айқын байқалады. Керісінше оң зарядты диэтиламиноэтилметакрилатпен, теріс зарядты карбоксид функционалды акрил қышқылы буыны бар полиэлекролиттің тұрақсыздандырушыфлокуляциялаушы қабілеті төмендейді. Гидродисперсия тұрақтылығы қосылған полиэлектролиттер функционалды топтарының табиғатына, ара-қатынасына, заряд белгісіне, орналасуына қарап өзгеретіндігі түсіндірілді.
Түйінді сөздер: полиэлектролит, сазды гидродисперсия, синергизм, тұрақсыздану, ионданушы.

Комментарии закрыты.