Футболшылардың жарақаттарының таралу деңгейі мен оларды емдеу

МРНТИ 34.03.37                                                                           №3 (2018г.)

Ерданова Г.С.,Бектурганов Е.О.

 

Футбол дүние жүзі бойынша миллиондаған көрермен бақылап отыратын спорттың ең атақты және белгілі бір түрі болып табылады. Кәсіби ойыншылардың ойыны еріксіз өзіне тартады және көптеген адамдар бос уақытында футбол ойнағанды ұнатады, себебі ол олардың хоббиі. Бұл спорт пайдалы әрі қызық, бірақ жарақат алу қаупі де жоқ емес. Жаңадан бастап жатқан футболшылар да және футбол жұлдыздары да өмірінің сапасын нашарлатып, кейде тіпті футбол спортындағы мансабын тоқтатуына да себеп болып жататын маңызды жарақаттар алып қалады. Бұл мақалада біз ойын барысында футболшылардың жиі алатын жарақаттары, оларды емдеу шаралары мен оның салдарын қарастырамыз. Спортпен шұғылдану барысында қимыл-тірек аппаратының зақымдануының сипаты мен оны болдырмаудың көпжылдық
зерттеуі жиі әрі қауіпті жарақаттың тізе буындарының зақымдануы (50%-данаса) екенін көрсетіп отыр. Футболшылардың тізе буындары құрылымының зақымдануы түбегейлі операция жасауды және арнайы сауықтыруды талап ететін патологияның ерекше бір түрі.
Түйінді сөздер: гормон, сауықтыру, мениск, массаж, физиотерапия.

Комментарии закрыты.