Энергетикалық алмасудың реттелуіндегі стероидты гормондардың рөлі

МРНТИ 34.39.03                                                                               №3 (2018г.)

 

Есжан Б.Ғ., Тулеуханов С.Т.

 

Бұл мақалада анатомиялық-физиологиялық, генетикалық ерекшеліктер және энергетикалық алмасудың реттелуіндегі стероидты гормондардың рөлі қарастырылған. Стероидты гормондардың адам ағзасынабөлінетін және тіршілік әрекетінің көптеген үдерістеріне әсер ететін биологиялық белсенді заттар тобы екені белгілі. Бұл заттар жоғары лиофильді болғандықтан, клеткалы мембрана арқылы қанға еніп, нысана клеткаларды іздеуге шығады. Басқа көптеген жайпақ (планарлық) құрылымы бар цикликалық құрамаларға қарағанда стероидтер олардың биологиялық белсенділігіне кәдімгідей әсер ететін үш өлшемді кеңістікті конфигурациямен сипатталады. Біздің бұл мақаланы жазудағы басты мақсатымыз әртүрлі зерттеулердің нәтижелері негізіндегі энергетикалық алмасу процесіндегі стероидты гормондар рөлінің маңыздылығын түсіндіру болды.
Түйінді сөздер: прогестерон, эстроген, промотор, ДНҚ, РНҚ, рецептор

 

 

Комментарии закрыты.