Голштин және алатау тұқымды сиырлар сүтінің құрамы мен физикалық-химиялық қасиеттері

МРНТИ  68.39.19                                                                            №1 (2021г.)

PDF

Хастаева А.Ж., Муслимов Н.Ж., Альжаксина Н.Е.

Нарықтық экономика жағдайында сүтті жеткізуші шаруашылықтар үшін өткізу бағасы шешуші рөл атқарады, ал өңдеуші кәсіпорындар үшін
басты мәселе сапа болып табылады. Сүтті мал шаруашылығы халықты биологиялық толыққанды азық-түлікпен қамтамасыз етуде халық
шаруашылығының аса маңызды саласы болды және болып қала береді. Қазақстан Республикасының голштин және Алатау тұқымды сиырлар сүтінің физикалық-химиялық құрамын зерттеу нәтижелері көрсетілген. Оның маусымдық динамикасы берілген. Жұмыста газ хроматографиясының көмегімен май қышқылдарын идентификациялау тәсілдерінің бірі келтірілген. Май қышқылдарының құрамын анықтау бүгінгі күні омега-3 және омега-6 және т.б. топтарындағы сүт майының әртүрлі конформациялары мен модификацияларын, жеке қышқылдардың биоактивті қасиеттерін анықтау кезінде сапа кепілі болып табылады. Зерттеу нәтижелері бойынша тұқымы мен маусымы сүттің физикалық-химиялық көрсеткіштеріне және липидтердегі май қышқылдарының құрамына айтарлықтай әсер ететіні анықталды.
Түйінді сөздер: май қышқыл құрамы, май, ақуыз, маусым, тұқым.

 

Комментарии закрыты.