Кәдімгі қара топырақтың сулы-физикалық қасиеттеріне «Агробионов» көміртекті препаратын енгізу мөлшерін агроэкологиялық бағалау

МРНТИ 68.37.13, 87.21.02                                                                          №2 (2020г.)

Хусаинов А.Т., Есенжолов Б.Х., Жаркинбеков Т.Н., Данкина Г.Р.

 

Мақалада «Агробионов» көміртекті препаратын енгізгенде кәдімгі қара топырақтың сулы-физикалық қасиеттерін зерттеу нәтижелері келтіріледі. Зерттеудің мақсаты – кәдімгі қара топырақтағы жаздық бидай егістіктерінде «Агробионов» препаратын енгізу мөлшерінің өнімді ылғалдың қорына, құрылымы мен топырақ агрегаттарының суға беріктігіне тигізетін әсерін зерттеу. Тәжірибе Солтүстік Қазақстанның далалық аймағында жүргізілді. Зерттелетін препарат өнімді ылғалдың қорын арттырады, топырақ құрылымы мен топырақ агрегаттарының суға беріктігін және жаздық бидайдың өнімділігін жақсартады.
Түйінді сөздер: кәдімгі қара топырақ, ылғалдық, топырақ құрылымы, топырақ агрегаттарының суға беріктігі, жаздық бидай, өнімділік.

 

Комментарии закрыты.