Көксеркеге арналған биологиялық толыққанды бастапқы құрама жемдерді Қазақстан Республикасында өндірудің болашағы

МРНТИ 65.31.29, 69.25.15                                                                       №1 (2020г.)

Скачать статью

Сидорова В.И., Асылбекова С.Ж., Январева Н.И., Койшыбаева С.К., Бадрызлова Н.С.

 

Қазақстанда алғаш рет көксеркенің дернәсілі мен шабақтарына арналған отандық жем шикізатынан жасалатын старттық құрама жемдердің рецептері әзірленді. Құрама жем экструзиялау әдісімен жасалды. Құрама жемнің технологиялық қасиеттері мен азықтық құндылығы зерттелді. Құрамындағы протеиннің мөлшері 57,5%, майдың мөлшері 12,2%, жалпы энергетикалық құндылығы 494,58//20,60 ккал 100//МДж-де, сіңірілетін энергия 415,4/17,3 ккал 100//МДж-де. «Halyk Balyk» ЖШС-інде әзірленген жемді пайдалану тиімділігі және оны көксерке шабағының сіңіруі бойынша өндірістік
сынақтар өткізілді. Бақылау үлгісі ретінде бахтахқа арналған «Aller Agua» жемі алынды. Ғылыми-шаруашылық тәжірибе өткізу барысында әзірленген жемнің импорттық жемдерден кем түспейтін 1,3 жемдік коэффициенті анықталды, тіршілікке қабілеттігі 51%-ды, орташа тәуліктік өсім 2,9мг-ды құрады. Әзірленген рецептер бойынша старттық құрама жемдерді өндіру импортты алмастырудағы міндетті шешуге көмектеседі.
Түйінді сөздер: старттық құрама жемдер, физикалық-механикалық қасиеттер, экструзиялау, балық шаруашылығы, көксерке өсіру.

 

Комментарии закрыты.