Жамбыл облысы «ММ» ШҚ жағдайында қазақтың ақбас тұқымы бұқашықтарын жайып, семірту арқылы алынған еттің сапасы мен қауіпсіздігі

МҒТАР 68.39.15                                                                                      №1 (2020г.)

Скачать статью

Ғабит Г.Ғ., Елу Т.С.

Мақалада Жамбыл облысы «ММ» шаруа қожалығында өсірілетін қазақтың ақбас тұқымының ет өнімділігі көрсеткіштері бойынша тәжірибелік
жұмыс жүргізіліп, ет өнімділігінің көрсеткіштеріне талдау қарастырылған. Ет сапасының негізгі көрсеткіштеріне азықтандыру деңгейінің ықпалының зорекені анықталған. Зерттеу барысында қазақтың ақбас тұқымы ет өнімділігі бойынша жергілікті малмен салыстырғанда жоғары көрсеткіштерді көрсетіп, өзінің нағыз етті тұқымға лайық екенін дәлелдеді. Бұқашықтарды бордақылау барысында малдардың рационын сапалы азықтармен толықтыру, азықтандыру деңгейін арттыруда олардың ет сапасы мен қауіпсіздігіне оң әсерін тигізетіні анықталды. Бұл ұшалардың морфологиялық құрамын зерттеу барысында белгілі болды. Бұқашықтарды күтіп-бағу және азықтандыру деңгейіне берілген ұсыныстар етті тұқымды, ет өнімділігін арттыруға болатынын көрсетті.
Түйінді сөздер: ірі қара, тұқым, ет, азық, іріктеу, етті тұқым, бұқа, генотип, қазақтың ақбас тұқымы, өлшемдер, сойыс шығымы, ұша салмағы.

 

 

 

Комментарии закрыты.