Қазақстанның Арал экологиялық аймағында мал өсіретін шаруашылықтардың топырақ құрамын зерттеу

МҒТАР 87.03.00, 68.01.94                                                                    №3 (2019г.)

 

Асылбеков Б.Ж.,Сулейменова М.Т., Халила А., Ермекбаева Р.Ж., Маширип Т.А.

Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығы өндірісінде экологиялық қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау соңғы жылдары негізгі
мәселелердің бірі болып отыр. Қазақстанның Арал экологиялық аймағында мал шаруашылығы өнімдерінің сапасы ондағы ауыл шаруашылығы жүйесіне (топырақ, өсімдіктер, су т.б.), олардың химиялық құрамы мен қауіпсіздігіне тікелей байланысты болып отырғаны жасырын емес. Арал экологиялық аймағында, әсіресе қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану жүйесінің көптеген аспектілерін қайта қараудың уақыты жеткен секілді. Оның үстіне мал шаруашылығында өндірілетін өнім сапасы, экологиялық аймақтың жер-суы мен онда өсетін өсімдіктің химиялық құрамына тікелей байланысты болатыны белгілі. Осыған байланысты, жер бетінің жоғарғы қабатының (топырақ, өсімдік жамылғысы, су т.б.) сапасы мен қауіпсіздігін бағалауға, олардың химиялық құрамын анықтауға, сондай-ақ экологиялық қауіпсіздігін жоюға, топырақтың қалыпты биологиялық гумусын қалпына келтіруге арналған біздің ғылыми зерттеулеріміздің мақсаты мен нәтижелерін
осы мақалада жариялау кездейсоқ жағдай емес.
Түйінді сөздер: топырақ, жер, экология, сапа, қауіпсіздік, ластану.

 

Комментарии закрыты.