«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі «Бурабай» көлінің экологиялық жағдайы.

МҒТАР 87.31.91                                                                                       №3 (2019г.)

Курманбаева А.С.,  Хусаинов А.Т., Жумай   Е.   

Бұл мақалада «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі «Бурабай» көлінің экологиялық жағдайына әсер ететін зерттеу нәтижелері көрсетіледі. «Бурабай» көліндегі су көлемінің 30 жылғы және судың ластану индексінің жылдар бойынша 10 жыл бойғы динамикасы, судың гидрохимиялық құрамы зерттеледі. Көлдің ластану дәрежесі 2009-2017 жылдары ластана бастаған және 2018 жылы – нормативті таза екендігі анықталған. Көлді ластаушы негізгі көздер өндірістік және тұрмыстық ағындар, тазартылмаған жаңбыр және еріген сулар, түрлі ыдыстар мен сыйымдылықтардан, құбырлар мен басқа да құрылыстардан кездейсоқ тазалаудан өтпеген сулар болып табылады. Фторид құрамының ұйғарынды шектелген шоғырлануы бірнеше есе артық екені анықталады.
Түйіндi сөздер: ластану, гидрохимиялық талдау, антропогендік жүктеме, көлдер экожүйесі.

Комментарии закрыты.