Қазақстан Республикасындағы цифрлық экономика саласының даму факторлары

МРНТИ 06.54.51                                                                                    №2 (2019г.)

Алибекова Г.Ж., Бапиева М.К.

 

Түйіндеме. Зерттеу нысаны – қазіргі заманғы цифрлық экономика құрудағы шетелдік тәжірибе, Қазақстан Республикасындағы цифрлық экономика саласының даму факторлары. Әртүрлі елдер ұлттық экономикаларды және жалпы аймақтарды цифрландыру мен цифрлық трансформациялауды дамыту үшін түрлі бастамаларды қолданады. Мемлекеттік және мемлекетаралық бағдарламалық құжаттарын, ғылыми әдебиеттер және ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың дамуының маңызды көрсеткіштері және цифрлауды талдау цифрлық экономиканың дамуының негізгі факторларын қорытындылауға мүмкіндік береді: іргелі фактор болып экономиканың жоғары инновациялық белсенділігі табылады, жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану шешімдерін құрудың әлеуетін тудырады; еліміздің халқын (азаматтармен, компаниялармен, мемлекеттік қызметтер мен бөлімдердің)  АКТ-ға қол жеткізуді және пайдалануды қамтамасыз ететін инфрақұрылым; бір жағынан өндірісті қамтамасыз ететін адами әлеует, және басқа жағынан жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тұтыну (пайдалану).
Түйінді сөздер: цифрлау, цифрлық экономика, цифрлық трансформация, сандық технологиялар, ақпараттық технологиялар.

Комментарии закрыты.