Қазақстан Республикасының мұнай кірістері есебінен ұлттық қордың бюджетін қалыптастыру

МРНТИ 06.52.35                                                                               №2 (2019г.)

Ашикбаева А.М., Кунанбаева Д.А., Куандык Ж.Б.

 

Түйіндеме. Зерттеу міндеттерінің бірі – мемлекет экономикасының мұнай секторының оның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы рөлін анықтау. Әлеуметтік-экономикалық бағдарламалар республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты, оның ішінде Ұлттық қор қаражаты есебінен қаржыландырылады. ҚР Ұлттық қорының қаражаты 2018 жылдың қыркүйек айының соңында 22,9 трлн теңгені құрады. Бұл ретте Ұлттық қордың шоттарындағы қаражаттың ең жоғары көлемі 2016 жылы тиісті кезеңде – 24,9 трлн теңге болды. Зерттеу барысында экономиканың мұнай секторы мен Ұлттық қорға түсетін түсімдерге талдау жасалды. Мұнай секторынан түсетін түсімдердің үлесі зерттелетін кезеңде 50% – дан 100% – ға дейін құрады.
Түйінді сөздер: Ұлттық Қор, мұнай секторы, табиғатты қорғау шаралары, экологиялық мәселелер, мұнай өнімдері, мұнай кәсіпорындары, жер қойнауын пайдаланушы, тұрақты даму.

 

 

Комментарии закрыты.