Аддитиві технологияларға арналған полимербетонның беріктігін анықтау

МРНТИ 67.09.45                                                                                  №1 (2019г.)

 

Далиманов Р.К.,  Красиков  Б.Н.

 

Бүгінгі күні құрылыстық 3D-принтерлер қоғамның назарын аударып отыр. 3D-принтерді  құрылыста  қолданудың артықшылықтары: дайын өнімдердің жақсартылған қасиеттері, шикізаттың мол үнемделуі, күрделі геометриялы  құрылымдарды басу  мүмкіндігі, озық жобалық әзірлемелерді енгізу мүмкіндіктері және өндірістің ұтқырлығын және жылдамдығын арттыру. Аддитивті  технологиялардың көптеген артықшылықтарына қарамастан, 3D құрылыс принтерлерінің және шығын материалдарының жоғары құнына, нормативтік базаның жоқтығына және олар үшін құрылыс материалдарының  шектеулігіне байланысты мәселелер бар. Осы жұмыста авторлар құрылыстық 3D-принтерге арналған полиэфирлі шайыр негізінде полимерлі-бетонның беріктігі қасиеттерін зерттеді. Композиттің беріктігін арттырудың оңтайлы шарттары анықталды. Алынған полимерлі композиттің бақылаудағы құм-цементті бетон үлгісінен асып түсетіні дәлелденді. Ол қасиеттер бұл қоспаны аддитивті технологияларға пайдалануға мүмкіндік береді.
Түйінді сөздер: аддитивті технология, 3D-принтер,  полимерлі композит, беріктік күші, полиэфир шайыры, ғимараттардың құрылысы.

 

Комментарии закрыты.