Кен орнын өндіруде аралас геотехнологияға ауысу жөніндегі кейбір мәселелер

МҒТАР 52.13.19                                                                                            №4 (2018Г.)

 

Исабек Т.К., Зейтинова   Ш.Б.

 

Мақалада аралас геотехнология кезінде жерасты ашу тәсілдерінің классификациясы қарастырылады: аралас геотехнологияның әлемдік тәжірибеде пайда болуы; ашық тәсілмен өндіруден жер астына өтуіне байланысты мәселелері. Ашық карьерлік кеңістік және карьердің жиегіне іргелес байланыс аймақтарындағы жыныстардың жылжуы – техногендік әсердің жаңа факторының ықпалын есепке алып, аралас геотехнология кезінде тік шахталық оқпандарды орналастыру орындарын таңдаудағы ғылыми-әдістемелік негізін қарастыру мақаланың негізгі идеясы болып табылады.
Түйінді сөздер: аралас геотехнология, карьердің контурдан тыс қоры, тік оқпан, қысымды-деформациялық күйі, ашық карьерлік кеңістік, жаңа әсер етуші техногендік фактор.

 

Комментарии закрыты.