Ферроқорытпа өндірісіндегі ұсақфракциялық материалдарды брикеттеуге арналған жабдықтар мен технологиялары

МҒТАР 53.31.21                                                                                          №4 (2018г.)

 

Баюл К.В., Худяков А.Ю., ВащенкоС.В.  

 

Ферроқорытпа өнеркәсібіндегі ұсақфракциялық шикізатты брикеттеу үшін өндірісте технологиялар мен баспақтық құрылғыларды өңдеу және енгізу бойынша тәжірибенің қысқаша сипаттамасы берілген. Ферроқорытпа өнеркәсібінің технологиялық цикліне негізгі агрегат ретінде білікті баспақты қолдану арқылы кенді концентраттың ұсақ фракцияларын брикеттеу мен ферроқорытпалар қалдықтарын енгізудің маңыздылығы мен болашағы айтылған. Ферроқорытпа өнеркәсібіндегі ұсақфракциялық шикізат материалдарын брикеттеу үшін білікті баспақ технологиясын жасау және таңдаудың жүйелік жолдары нақты мысалдармен келтірілген.
Түйінді сөздер: брикеттеу, білікті баспақ, марганец концентраты, қож-металдық қоспа.

Комментарии закрыты.