Ферроматериалдардың энергиялық тиімді уатылуы

МҒТАР 53.31.21                                                                                  №4 (2018г.)

 

Кузбаков    Ж.И.

 

Қатты материалдарды бұзу әдістері шикізаттарды металлургиялық қайта өңдеуге дайындық кезінде ұсату және сұрыптау технологиясының негізі болып табылады. Ұсатуға арналған материалды ұсатқыштың қабылдағыш саңлауына бағыттағанда, оны алдын-ала өңдеп кернеулі жағдайға аударып, беріктілігін төмендетуге болады. Дайындалынған материалды өңдеу механикалық энергияны аз қажет етеді, сондықтан ұсату процесінің энергосыйымдылығы төмендейді, ұсатуға арналған жұмыс тақтайшаларының шығыны азаяды және машинаның бөлшектері мен элементтеріне аз жүктеме түседі. Беріктілігі өте жоғары металдың (феррохромды) ұсату процесін жетілдіруге, ырықтандыруға бағытталған ферроқорытпа өндірісіне арналған технологиялық желі ұснылған. Оған  Казақстан Республикасының инновациялық патенті берілген. Жоғарғы көміртекті феррохром құймасының беріктілігін жоғарлату үшін термиялық әсер ету дегеніміз, ол металл құймасын барлық көлемі бойынша бірқалыпты суыту.
Түйiндi cөздер: ферроматериалдар, ұсату, қирату әдісі, энергосыйымдылық, ферроқорытпаларды құю, термиялық әсер ету, құйма.

Комментарии закрыты.