МРНТИ 34.25.37 №3 (2018г.)
Кливлеева Н.Г., Глебова Т.И., Шаменова М.Г.,. Байсейiт С.Б, Лукманова Г.В., Сактаганов Н.Т., Қалқожаева М.Қ., Баймаханова Б.Б.
Эталонды және алдыңғы бөлініп алынған тұмау вирустарынан ерекшеленетін А/Алматы/856/12 Н1N1 жаңа тұмау вирусының биологиялық және молекулярлы-генетикалық құрамының зерттеу нәтижелері көрсетілген. Жаңадан бөлініп алынған А/Алматы/856/12 (Н1N1) тұмау вирусының биологиялық, антигендік және молекулярлы-генетикалық құрамының зерттеу нәтижелері, Н1 түрінің А тұмау вирусын жұқтырған науқас адамдардың қан сарысуындағы спецификалық антиденелерін анықтау мақсатында диагностикум ретінде қолдануға, сондай-ақ іргелі молекулярлы-биологиялық зерттеулер жүргізу үшін қолдануға болатындығын көрсетеді.
Түйінді сөздер: тұмау вирусы, айналым, изолят, гемагглютинин, нейраминидаза, иммунды қан сарысуы, диагностикум.