Қара бидай дәніңде амилолитикалық ферменттердің бөлінуін зерттеу

МРНТИ 65.29.03, 68.35.29                                                               №3 (2018г.)

 

Онгарбаева Н., Елеукенова К, Батырбаева Н, Нургожина Ж.  

 

Қазіргі уақытта Қазақстандағы ең маңызды әрі уақыт талабының сұранысына сай мәселенің бірі астық өндеу өнімінің тиімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Дәнді астық дақылдарының ішінде күздік қара бидай – маңызды дақыл. Бұл жұмыста күздік қара бидай дәніндегі амилолитикалық ферменттердің таралуын зерттеу ұсынылды. Алынған деректерді талдау барысында дәннің әртүрлі бөліктерінде Құлау саны көрсеткіштерінің (ҚС) әр түрлі екені дәлелденді. Дәннің ұрықтық бөлігінде (ұшында) жоғары автолитикалық белсенділік байқалды. Қауыздану барысында қара бидайды ұн тартуға дайындауға әсер етуі мүмкін болғандықтан, бұл сәт маңызды болмақ. Жүргізілген зерттеулерге сәйкес, ұн сапасын тиісті қалыпқа келтіру үшін технологиялық процестерді тиімді пайдалану және дұрыс ұйымдастыру барысында амилолитикалық ферменттер белсенділігін және ұтымды режимді қолдануды ескерген жөн.
Түйінді сөздер: күздік қара бидай, құлау саны, фермент, белсенділік.

 

 

 

Комментарии закрыты.