«АрселорМиттал Темиртау» АҚ-ың түйіршектелген домналық қожының ұнтақтылылығы керамикалық жол материалының физика- механикалық касиеттеріне әсері

МРНТИ 67.15.47                                                                            №4 (2020г.)

Монтаев С.А., Досов К.Ж., Шингужиева А.Б., Монтаева Н.С.

 

Мақалада 950-1000°С күйдіру температурасы аралығында қождың дисперстілік тәуелділігі бойынша, керамикалық жол төсемі материалы-
ның түйіршіктелген үлгілерінің физика-механикалық қасиеттерінің өзгеріске ұшырауының негізгі заңдылықтарын анықтау бойынша ғылыми-эксперименттік жұмыстардың нәтижелері келтірілген. Зерттеу объектісі ретінде Атырау кен орнының саздақтары және «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның домналық түйіршіктелген қожы таңдап алынды. Отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектеріне аналитикалық шолу жасау нәтижелері бойынша жол және өнеркәсіптік-азаматтық құрылыстың ресурс үнемдеу мен экологиялық тиімділігін
қамтамасыз ететін өнеркәсіптің ірі тоннажды қалдықтары мен қолжетімді жергілікті табиғи ресурстарды пайдаланудың ерекше өзектілігі анықталып қойылды. Салыстырмалы сараптаманың көрсетуі бойынша 1000°С температурада күйдірілген және 0,315 електен өткізілген түйіршіктелген қож дисперсиясы бар үлгілердің беріктігі екі есе дерлік артық екенін көрсетеді.
Түйінді сөздер: дисперстілік, керамикалық жол төсем материалы, күйдіру температурасы, керамикалық композиция, саздақ, түйіршіктелген домна қожы.

Комментарии закрыты.