Физикалық моделдеумен 1050 алюминий қорытпасынан жасалған жұқа жолақтарды бойлық-сыналы орнақта ыстықтай илемдеудің технологиясын жасау

МРНТИ 53.03.05                                                                                №3 (2018г.)

Машеков С.А., Дыя Х.,  Мауленова М.Р., Тусупкалиева Э. А.

 

Gleeble 3500 жоғары дәлдіктегі заманауи қондырғысын қолдану арқылы 1050 алюминий қорытпасын бойлық сыналы орнақта түрлі өңдеу режимдерімен илемдеуді физикалық модельдеу барысындағы деформация кедергісінің өзгерісі зерттелді. Бірыңғай позицияда 1050 алюминий қорытпасын әртүрлі температура мен деформация жылдамдығында көпсатылы қысу барысындағы құрылымының өзгерісі сипатталған. Осы жолмен физикалық модельдеуді қолданып, 1050 қорытпасын бойлық сыналы орнақта жаймалағанда температуралық-деформациялық өңдеу режимінің микроқұрылымға әсеріне талдау жасалған, түйіршіктерінің өсу кинетикасы мен ұсақталуы қаралып, ұсақ түйіршікті микроқұрылым алу шарттары белгіленген. Деформация температурасы 350÷450оС деформация жылдамдамдығы1,5÷5 м/с 1050 алюминий қорытпасының құрылымында температуралық-деформациялық өңдеу режиміне байланысты динамикалық және статикалық кристалсыздану жүреді. Жұмыста 1050 алюминий қорытпасын жаймалауда ұсақтүйіршікті құрылымын қамтамасыз ету үшін бойлық сыналы орнақта 350-450°С температурасында жаймалауды жүргізу қажеттігі дәлелденген.
Түйінді сөздер: қысу, деформация кедергісі, майысқақтық, эксперимент, беріктену, беріксіздену, кристалсыздану.

 

Комментарии закрыты.