Бұрғылау кезіндегі тау жыныстарының талқандалуының теориялық модельдерін талдауға арналған компьютерлік қолдану бағдарламаларын пайдалану

МРНТИ 52.01.77                                                                              №3 (2018г.)

Билецкий М.Т., Ратов Б.Т., Муратова С.К., Байбоз  А.Р.  

 

Компьютерлік әдістердің артықшылығы – есептеулерді жылдам әрі дәл есептеу, виртуалды сынақтарды көп мөлшерде жүргізу мүмкіндігі, сонымен қатар есептеу математикасы әдістерін қолдану мүмкіндіктері. Жұмыстың мақсаты – бұрғылау кезінде тау жыныстарының талқандалу теориясының компьютерлік талдауы және айтарлықтай жаңалық болып саналатын өзгерістер мен қосымшаларды енгізу. Кескіштің тау жынысына енуінің белгілі алгоритмінде қателіктер анықталды және оның себебі түсіндірілді. Белгілі бұрғылау-кесу теориясы мысалдармен көрнекіленді; кейбір нәтижелер итерация әдісімен нақтыланды. Сынақтарды статистикалық өңдеу кезінде, оның ішінде олардың қажетті санын анықтау үшін Стьюдент таралымын қолдану бағдарламасы жасалды. Қарапайым процедура итерация әдісімен нақтыланды. Сәйкес бағдарламалардың құрылымы көрсетілген. Айтылған мәліметтерді қашаулардың жаңа типтерін жасағанда, сонымен қатар бұрғылау технологиясын оңтайландыру кезінде қолдануға болады.
Түйінді сөздер: пайдаланушы бағдарламалар, зерттеу нәтижелерін жетілдіру, бұрғылау кезінде жыныстарды талқандау теориясы, кескіштердің енгізілуі, бұрғылау-кесу, сынақтарды статистикалық өңдеу.

Комментарии закрыты.