Металлургиялық кремнийді алу процесінде шихта компоненттерінің арасындағы өзара әрекеттесулердің термодинамикалық талдауы

МРНТИ 53.03.03                                                                              №2 (2020г.)

Дантаева А.З., Ибраев М.Б., Сұлтамұрат   Г.И.

 

Қалпына келтіру процесінің теориялық негіздері және электр доғалы пештерде кремнийді балқыту технологиясы қарастырылған. Термодинамиканы, әрекеттесу кинетикасын және балқыту процесінің механизмдерін зерттеу нәтижелері келтірілген. Өндіріс мәселелері: шихта дайындау, балқыту, қайта өңдеу және газдан тазарту көтерілген. Карботермиялық процестің физикалық-химиялық модельдері жасалып, ұсынылды және өнеркәсіптік жағдайда сынақтан өтті. Бұл балқытудың көрсетілген технологиялық параметрлерінің (химиялық құрамы мен шихталық компоненттерінің жүктеме коэффициенттері, температура) кремнийдің қалпына келуіне және сортына әсерін бағалауға мүмкіндік берді. Негізгі материалды алу үшін кенді-термиялық пештерде (КТП) балқыту арқылы алынған металлургиялық сұрыпты кремний қолданылады. Мақалада пештегі кремнийді қалпына келтірудің негізгі механизмі сипатталған, пештің конструкцияларының бірі және кремний өндірісінің технологиялық схемасы берілген.
Түйінді сөздер: кремний өндірісі, термиялық пеш, термодинамика, Гиббс энергиясы.

 

Комментарии закрыты.