МРНТИ 28.17.31 №1 (2021г.)
Амирбай А.А., Муханова А.А.
Мақалада ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен, сонымен қатар компьютерлік жүйеде ақпараттық ресурстарды қорғау шараларын
ойдағыдай жүзеге асыру үшін қауіп-қатерді бақылау жүйесін құрумен және SIEM жүйесінің функционалдық жүйелері негізінде тәуекелдерді есептеудің толық кешенді алгоритмін іске асырумен байланысты проблемалар талқыланады. Кәсіпорын компьютерлік жүйеден және ақпараттық ресурстардан қауіп-қатерге ұшыраған жағдайларда сараптамалық бағалауды негізге ала отырып, мәліметтер базасын құру ұсынылады. Сонымен қатар, шығындарды болдырмау үшін, сондай-ақ ақпаратты сақтаудың минималды тиімді тәсілі ретінде триплет түрінде шифрлауды қолданған жөн және репозиторийлерде триплеттерді сақтау алгоритмін құру ұсынылады.
Түйінді сөздер: қатер, тәуекелдік, триплет, триплет қоймасы.