Оқу процесінде ақпараттық-білім беру ресурстарын пайдалану

PDF

https://doi.org/10.53939/15605655/2022_1_11

Tуребаева Г.Б., Tенчурина A.Р. Дoшакова Ж.Б.

Түйіндеме:  Қазіргі уақытта ЖОО-да студенттерді оқыту барысында кредиттік технология бойынша мамандарды даярлау, оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыруда және оқу процесіне заманауи, ақпараттық-коммуникативтік технологияларды енгізуде жаңа тұжырымдамалық негіздерді әзірлеудің өзектілігін негіздейді. Жоғарыда айтылғандар оқу процесінде де, ағымдағы бақылау кезінде де әртүрлі физикалық процестерді модельдеу үшін ақпараттық технологиялар мен дербес компьютерлерді кеңінен қолдануды қамтиды. Компьютерлерді қолдану студенттердің пәнді оқу процесін белсендіреді, жаңа материалды игеруді және бақылауды жеңілдетеді және жылдамдатады, нәтижесінде оқу сапасын арттырады және студенттердің білімін тереңдетеді. Сондықтан қазіргі заманғы қолданбалы пакеттерді
қолдана отырып, физикалық процестерді модельдеу әдістерін зерттеу қазіргі уақытта ең өзекті мәселе болып табылады.
Mathcad бағдарламасын қолдана отырып, физикалық процестерді көрнекі түрде көрсетуге арналған мақалада қарапайым екінші ретті дифференциалдық теңдеулермен сипатталған күрделі жүйелерді модельдеу келтірілген. Осы Mathcad пакетін қолданып, odesolve функциясы арқылы сыртқы периодтық күш түсірілген кездегі кедергісіз мәжбүрлі тербелістердің графигі алынды. Сондай-ақ, жұмыста оқу процесінде физикалық модельдерді қолдану туралы айтылады.
Түйінді сөздер: физикалық процестер, Mathcad, моделдеу, физикалық модельдер, Рунге-Кутта әдісі, күрделі жүйелер, қарапайым дифференциалдық тендеулерді шешу, оқу процесі, есептерді шешудің мысалдары.

Әдебиеттер
1 Kondratiev, A.S. (2015). Fizika. Zadachy na kompiutere [Physics. Tasks on a computer]. Publishing house MSTU [in Russian].
2 Levitskij, A.A. (2016). Matlab 3.05, MathCad 2.5. Krasnayarsk: publishing house Phismatlit [in Russian].
3. Bursian, E. V. Zadachy dly akompiutera [Tasks on physics for a computer] – M.: Inlightening, 2015. [in Russian].
4 Guld, K., &Tobochnik, Y. (2017). Kompiuternoemodelirovanie v fizike [A computer design is in physics]. M.: World [in Russian]. Chekalin A.N., Konyukhov V.M., Konyukhov I. V. Computer Simulation and Comparison of the Efficiency of Conventional, Polymer and Hydrogel Waterflooding of Inhomogeneous Oil Reservoirs Eurasian Chemico-Technological
Journal. — 2017. — Vol. 19, Is. 4. — P. 323–334.
5 Glushakov, S.V., &Zhakin, I.A., &Khachirov, T.S. Matematicheskoemodelirovanie Mathcad 2000, Matlab 5.3 [Mathematical design Mathcad 2000, Matlab 5.3]. -Khar’kov; Folio, M.: OOO «Publishing house AST », 2017. [in Russian].
6 Diyakonov, V. P. Spravochnik po MathCAD PLUS 7.0 PRO [Reference book on MathCAD PLUS 7.0 PRO]. – M.: SK Press [in Russian].

Комментарии закрыты.