«Шунгит» минералы негізіндегі азықтық қоспа пайдаланылған африкалық жайын етінің ветеринариялық санитариялық сараптамасы

МРНТИ  65.59.03                                                                            №1 (2021г.)

PDF

Жумагелдиев А.А., Зарханов А.Ж., Бердикул М.А., Байдилдаева И.К., Асқарова М.О.

Мақалада халықты сапалы әрі қауіпсіз тағамдық өнімдермен қамтамасыз етуде ерекше орын алатын теңіз өнімдері, яғни балық шаруа-
шылығы өнімдерін өндіру, сапалы балық өнімдерімен қамтамасыз ету барысында, Алматы облысы Шонжы елді мекенінде орналасқан «ASYL TAS ENGINEERING» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бассейндерінде өсіру қолға алынған африкалық жайын балығының сезімдік көрсеткіштері, етінің құрамындағы аминқышқылдарының мөлшері және ветеринариялық санитариялық сараптамасы келтірілген. Басты шарт – балықтарды өсіру барысында оларды сапалы азықтық қоспамен азықтандыру арқылы сапалы және қауіпсіз өнім алу болғандықтан, африкалық жайын балықтары екі түрлі азықтық қоспамен азықтандырылды. Біріншісі – жергілікті «шунгит» минералды азықтық қоспасы болса, екіншісі – минералды азықтық қоспа. Нәтижесінде, жергілікті шунгит минералымен азықтанған африкалық жайын балығының аминқышқылдық құрамында ерекшеліктер кездесті. Яғни, алмастырылмайтын аминқышқылдары және алмастырылатын аминқышқылдары құрамы минералды азықтық қоспасымен азықтанған балыққа қарағанда мөлшері жоғары екендігі анықталды. Сонымен қатар, африкалық жайын балығының сапалық көрсеткіштері артты.
Түйінді сөздер: Африкалық жайын, жергілікті шунгит минералды азықтық қоспасы, сезімдік көрсеткіштер, аминқышқылдары, ветеринариялық-санитариялық сараптау.

Комментарии закрыты.