Жарманың сапасына күріш дәнінің технологиялық ерекшеліктерінің әсері

МҒТАР 65.29.03                                                                                        №4 (2018г.)

 

Онгарбаева Н., Жиенбаева С., Елеукенова К., Н., Батырбаева Н.

 

Мақалада күріш және жарма өнімдерінің сапалық сипаттамасының зерттеу нәтижелері келтірілген. Күріш дәнінің және жармасының технологиялық қасиеттерін сипаттайтын белгілерінің арасындағы өзара байланысын анықтау үшін зерттеу нысаны ретінде Қызылорда облысы аумағында кең көлемде аудандастырылған Маржан, Янтарь, Лидер, Новатор күріш сұрыптарының үлгілері алынды. Зерттеу барасында олардың органолептикалық, физика-химиялық бағасы және олардың өзара байланысы анықталды. Нәтижелерді талдау сапалы ядро мөлшеріне тек күріш дәнінің сызаттылығы ғана емес, сондай-ақ дәннің құрылымдық белгілері де әсер ететіні туралы болжамдар жасауға мүмкіндік береді. Дәннің жоғары сызаттылығы эндоспермнің әртүрлі консистенциялы болуына негізделген. Ескерілген көрсеткіштер арасындағы анықталған өзара байланыс жарма өндіруде тәуелді белгілеулер бойынша үлгілерді таңдау мүмкіндігінің бар екендігін тұжырымдайды.
Түйінді сөздер: күріш, жарма, технологиялық қасиеттері, жарма шығымы, сапалы ядроның шығымы, сапа белгілері.

Комментарии закрыты.