Мыс нанобөлшектерін синтездеу және оларды целлюлоза тоқыма материалдарын модификациялау үшін қолдану

МРНТИ 61.67.81                                                                               №2 (2020г.)

Таусарова Б.Р., Сулейменова М.Ш., Алипбаев  А.Н.

 

Мақалада поливинил спирті қатысында глюкозамен тотықсыздандыру арқылы сулы ерітінділерде мыс нанобөлшектерін алудың экологиялық таза әдісі қарастырылған; синтездің оңтайлы жағдайлары таңдалды. Алынған мыс нанобөлшектері сфералық формада, диаметрі 20-дан 130 нм-ге дейін тұрақты, тұнбаға түспейді және 3-4 аптаға дейін түсін өзгертпейді. Электронды микроскопиялық кескіндер целлюлоза талшығының бетінде жұқа полимерлі қабықтың пайда болуын растайды және өңделмеген үлгілермен салыстырғанда өңделген үлгілердің морфологиялық бетіндегі өзгеріс болатынын көрсетеді. Мыс нанобөлшектері түрлендірілген целлюлоза материалдарының физикалық-химиялық және бактерияға қарсы қасиеттері зерттелген. Мыс нанобөлшектерімен модификацияланған целлюлоза материалдарының бактерияға қарсы белсенділігі бар екендігі көрсетілді.
Түйінді сөздер: целлюлоза тоқыма материалдары, модификация, мыс нанобөлшектері, бактерияға қарсы қасиеттер.

Комментарии закрыты.