Балаулық препараттар әзірлеуге қолданылатын құстардың ортоавулавирус-13/Ақмаңдайлы Қаз/Солтүстік Қазақстан/5751/2013 штамы

МРНТИ 34.15.31                                                                                          №4 (2020г.)

Сейдалина А.Б., Кыдырманов А.И., Карамендин К.О., Касымбеков Е.Т., Хан Е.Я., Даулбаева К.Д., Сулейменова С.А., Есентуреева М.О., Саятов   М.Х.

 

Солтүстік Қазақстан облысындағы көлдер жүйесіндегі ақмаңдайлы қаздың клоака шайындысынан 2013 жылдың қазан айында
1: 512 гемагглютиндік титрі бар және 7,6 lg ЭИД50/0,2 мл инфекциясымен жұқпалы агент бөлінген. Гемагглютиндеуші агенттерді ПЦР-да L-генінің консервативті учаскелеріне арналған праймерлермен анықтау, оның Paramyxoviridae тұқымдасына енетінін анықтауға мүмкіндік берді. L-гені фрагментін тізбектеу әдісімен және BLAST-талдау арқылы Қазақстанның жабайы құстар популяциясында, құс парамиксовирустарының белгісіз жаңа серотипінің айналымда болғандығын көрсетті. Қазақстандық АPMV-13/ақмаңдайлы қаз/
Солтүстік Қазақстан/5751/2013 толық геномдық тізбектеу жүргізілді. Құс паримиксовирусына тән сегіз ақуызды кодтайтын гендердің реттілігі анықталды: 3’-NP-P /V/W-M-F-HN-L-5’. Филогенетикалық зерттеулер көрсеткендей, қазақстандық құстардың APMV-13 осы серотиптің басқа вирустарынан айтарлықтай ерекшеленетін жаңа табиғи нұсқа болып табылады.
Түйінді сөздер: штамм, парамиксовирус, серотив, популяция, жабайы құстар, ПЦР.

Комментарии закрыты.