Экспериметтегі жедел улы токсикопатия және оны гепатопротекторлармен емдеу

Дуанбекова Г.Б.

 

Түйіндеме. Асқынған экзогенді уланудың жиі тараған асқынуларының бірі – улы гепатопатия. Ағзаға улы заттардың түсуі және олардың соңғы метаболизмі бос радикалдардың көп пайда болуына әкеледі.  Қатты улану кездерінде ЛП-ның  орнын табу антиоксидантты қасиеттері бар  жаңа тиімді заттарды іздеуге әкеледі. Біздің зерттеудің мақсаты – эссенциале мен жаңа фармакологиялық зат – цитизинның  амидофосфонатының  антиоксидантты қасиеттерін салыстырмалы түрде зерттеу. Барлық эксперименттер  ДЗТ- ның (дұрыс зертханалық тәжірибе) талаптары бойынша жүргізілді. Жедел улы гепатитті ССL4 – тің 40% майлы ерітіндісін 0,2 мл/ 100,0 мөлшерде бір рет құрсақ қуысына енгізумен тудырдық. Зерттеу нәтижесі бойынша енгізген ССL4 –  улы гепатитке әкелді. Зерттеудегі фармакологиялық зат – цитизинның  амидофосфонаты белсенді және нақты қандағы АЛаТ, АСаТ, ЖБ – ны көбеюін тоқтатты. Зерттеу тобында салыстырмалы топқа қарағанда ДК- ті – 2,7 есе  тоқтатты және бақылау тобына қарағанда  -3,8 есе, ШО-ның жиналуын шектеді.
Түйінді сөздер: Цитизин амидофосфанаты, “Эссенциале” гепатопротекторы, липидтердің асқын тотығуы, төртхлорлы көміртек, гепатопатия

 

МРНТИ 34.45.05, №2(2018г.)

Комментарии закрыты.