Лаборатория жағдайында балықтарда ауру тудыратын аэромонозға қарсы биопрепаратты терапиялық бағалау

МРНТИ 34.27.51; 69.09.41                                                                     №4 (2019г.)

Абишева Г.Ж., Текебаева Ж.Б., Бисенова Г.Н., Уразова М.С., Абилхадиров А.С., Абитаева Г.К., Сармурзина   З.С.    

 

Мақалада сүтқышқылды бактериялардың консорциуымынан құралған балықтарда кездесетін аэромоноз қоздырғыштарына қарсы зерттеу жұмыстарының нәтижелері көрсетілген. Жұмыстың мақсаты – аэроманоз қоздырғыштарына қарсы биопрепараттың әсерін лабораториялық жағдайда бағалау. Сүтқышқылды бактериялар (Lactobacillus fermentum 24с, Pediococcus pentosaceus 10/9к, Lactobacillus paracasei 9c) негізінде жасалынған биопрепараттың антибиотикалық құрамын анықтау барысында лабораториялық үлгісі жасалынды. Тәжірибиелік жұмыста биопрепараттың әсерін зерттеу кезінде карп және сазан балықтары алынды. Нәтижесінде аэромоноз қоздырғышына қарсы биопрепараттың әсерінен балықтар өлімі биопрепарат қолданылмаған топтағы балықтарға қарағанда 40 пайызға дейін азайды.
Түйінді сөздер: сүтқышқылды бактериялар, балықтардың аэромонозы, аквамәдениет, биопрепарат, антибиотик.

 

Комментарии закрыты.