Көкбас шөп ризосферасының үлгісінен бөлініп алынған актиномицеттердің антагонистік қасиеттері

МҒТАР 62.09.39, 34.45.05                                                                    №3 (2019г.)

Хасенова А.Х., Акылова М.А., Султанова А.Ж., Масирбаева А.

 

Көкбас шөбінің (Eryngium) дәрілік өсімдіктік ризосферасы микробоценозының сандық және сапалық құрамы зерттелді. 78 изоляттан
таза дақылдар бөлініп алынды, олардың Bacillus subtilis ATCC 6633 және Comamonas terrigena ATCC 8461 зертханалық штамдарына қарсы
антагонистік қасиеттері зерттелді. Зертханалық тест-дақылдарға қарсы жоғары белсенділік көрсететін, актиномицеттер изоляттары іріктеліп алынды. Клиникада қолданылатын антибиотиктерге сезімталдығы жоғары, тестдақылдарға қарсы олардың белсенділігі зерттелді. Изоляттардың 85,7% грамоң бактерияларға қарсы белсенділік көрсетті. Актиномицеттердің зерттеуге алынған изоляттарының жартысынан азырағы (42,9%) грамтеріс бактерияларға қарсы антагонизм көрсетті. Екі ғана изолятта – С52 және С32, грамоң, әрі грамтеріс бактерияларға да қарсы жоғары белсенділік болды.
Түйінді сөздер: ризосфера, грамоң, грамтеріс бактериялар, актиномицеттер, антагонистік қасиеттері

Комментарии закрыты.