Веб-сайттар мен сервиске бағытталған қосымшаларды модельдеу тәсілінің мүмкіншіліктері

МРНТИ 28.19.23                                                                                        №2 (2021г.)

Бақытова Ш.Е., Камалова  Г.А.

 

Әр саланың өз құрылымы, даму үдерісі, жаңалығы болатыны белгілі. Мақаламен жұмыс барысында веб-сервистер мен сервиске бағытталған қосымшаларды, веб-қызметтерді құруға арналған екі платформа талданды. J2EE платформасы (Java 2 Enterprise Edition) кез-келген сәулет пен операциялық жүйелер үшін Java қосымшаларына негізделген веб-қызметтерді құруға мүмкіндік береді. Microsoft. NET платформасы ASP.NET технологиясында Visual Basic, C++, С# сияқты бағдарламалау тілдері арқылы веб-қызметтерді құруға болады. Алынған екі платформаны талдау және салыстыру барысында сервиске бағытталған қосымшаларды модельдеу тәсілінің мүмкіншіліктері анық көрсетіледі және нақты мысалдармен жұмыс жасалады.
Түйінді сөздер: веб-қосымшалар, сервиске бағытталған сәулет (SOA, Service-Oriented Architecture), XML, SOAP, WSDL , UDDI, сервиске бағытталған қосымша.

 

Комментарии закрыты.