Функционалды жабындыларды қолдану үшін қарқынды пластикалық деформацияның аспаптық тез кесетін Р6М5 болаттың беткі қабатының құрылымына әсерін зерттеу

МРНТИ 55.22.19, 53.43.03                                                                          №2 (2021 г.)

Абдирова Р. Д., Тусупкалиева Э. А., Машеков С.А.

Мақалада зерттеулерді жүргізу үшін бұрандалы жұмысшы беттерге илемденген пішінбіліктері бар сайман жасалды. Бұл сайман ұсақ түйіршікті құрылымы бар жартылай өнімдерді алу үшін қолданылады. Жасалған сайман бастапқы дайындаманың өлшемі мен пішінін еш өзгертпестен деформацияны іске асырады. Жұмыста толқынды пішіні бар дайындаманы илемдеу үшін жазық жұмысшы беті бар пішінбілік пайдаланылды. Мақалада шеткі элементтер әдістемесін негізге алатын ANSYS-LS/DYNA бағдарламасы қолданылып, бұрандалы және жазық пішінбілікте дайындаманы илемдеген кезде пайда болатын кернеулі-деформациялы күй (КДК) зерттелді. Алынған мәліметтер негізінде Р6М5 болатынан жасалған жолақтарды (тез кесетін тілімшелерді жасау үшін қолданылады) бұрандалы және жазық пішінбіліктерде илемдегенде оның беткі қабаттары қарқынды деформацияланатындығы анықталды. Беткі қабаттарды қарқынды деформациялау, біртекті ұсақ түйіршікті құрылымды қалыптастыратындығын, беріктік қасиеттерін жоғарлататындығын және функциялық қасиеті бар қабатпен жабу үшін ұтымды құрылымды алу мүмкіндігінің бар екенін көрсетті.
Түйінді сөздер: тез кесетін Р6М5 болаты, илемдеу, бұрандалы және жазық пішінбілік, қарқынды пластикалық деформация, кернеулі-деформациялы күй, кернеу мен деформация қарқындылығы, функциялы қабат

 

Комментарии закрыты.