Зымыран-ғарыш қызметі нәтижесінде ластанған топырақтың деструктивті процестерін ынталандыруға арналған модификацияланған сорбенттер

МРНТИ   87.21.23                                                                     №1 (2021г.)

PDF

Нечипуренко С.В., Ефремов С.А.,  Калугин С.Н., Кайайдарова А.К.

 

Мақалада зымыран-ғарыштық жұмысының әсеріне ұшыраған топырақтарды детоксикациялану үшін модификацияланған сорбенттерін
алу техноологиясын әзірлеуге арналған жұмысы ұсынылған. Шикізат көзінің құрылымы мен модификацияланған сорбенттерінің физика-химиялық көрсеткіштері зерттелген және зымыран тасығыштардың бөлінетін бөліктерінің құлау орындарындағы экологиялық жағдай талданды. Топырақтағы зымыран отыны компоненттерінің деструктивті үдерістерінің белсенділігіне модификацияланған сорбенттерінің әсері зерттелді. Топыраққа зымыран отынының өзгеру өнімдеріне қатысты жоғары деструктивті функциясы бар модификацияланған сорбенттерді енгізу кезінде осы токсиканттардың деструкция жылдамдығы бірнеше есе артады, бұл неғұрлым қысқа мерзімде топырақ құнарлылығын қалпына келтіруді қарастыруға мүмкіндік береді.
Түйінді сөздер: модификацияланған сорбенттері, Шығыс Қазақстанның көміртек-минералды тұқымы, зымыран-ғарыштық жұмысы, деструкция.

 

Комментарии закрыты.