Мангустин және гартаниннің вирусқа қарсы қасиеттері

МРНТИ 34.25.23, 34.25.37                                                                                  №4 (2020г.)

Турмагамбетова А.С., Богоявленский А.П., Соколова Н.С., Омиртаева Э.С., Березин   В.Э.

 

Тұмау және басқа да жедел респираторлы вирустық инфекциялар әлі де денсаулық сақтаудың ғаламдық проблемасын туғызуда,
бұл өлім-жітімнің жоғарылауымен бірге індеттер мен пандемияны тудырады. Тұмаудың өзгеру қабілеті, қолданыстағы тұмауға қарсы препараттарға төзімді, жаңа штаммдардың пайда болуына, барлық континенттерде тез таралуына әкеліп соғады. Осыған байланысты отандық фармацевтика саласын дамыту және қауіпті, кең таралған вирустық инфекциялармен күресудің жаңа тиімді препараттарын жасау кез-келген мемлекеттің алдында тұрған басым міндеттердің бірі болып табылады. Жұмыстың мақсаты – адам мен құс тұмауы вирусына қарсы мангостан мен гартаниннің вирусқа қарсы белсенділігін зерттеу. 0,025 мкг/мл-ден 1,25 мкг/мл-ге дейінгі дозада мангостин Тамифлудың вирусқа қарсы белсенділігімен салыстыра алатын айқын вирусқа карсы қасиеттерді білдіргені көрсетілген. Гартанин адамның
тұмау вирусының эпидемиологиялық маңызды штаммдарына қарсы антивирустық белсенділігін көрсетті.
Түйінді сөздер: ксантон, вирусқа қарсы белсенділік, мангостин, гартанин.

 

Комментарии закрыты.