Тиляпилерге арналған экструдирленген бастапқы құрама жем

МРНТИ 69.25.15, 69.25.13                                                               №4 (2020г.)

Сидорова В.И., Асылбекова С.Ж., Январева Н.И., Койшибаева С.К., Бадрызлова   Н.С.

 

Қазақстанда алғаш рет отандық шикізаттан тиляпияға арналған құрама жем әзірленді. Жас тиляпияларға қажет қоректік заттар негізін-
де энергетикалық құндылығы жоғары экструдирленген бастапқы құрама жемнің төрт рецепті әзірленді (34,8/8,68; 40,53/8,03; 41,0/7,66; 44,1/10,28), 100г//МДж жалпы энергетикалық құндылығы 15,26-дан 16,59-ға дейін өзгерді. Әзірленген құрама жемді тиімді пайдалану үшін және тиляпия шабақтары мен оның личинкаларының игеруі бойынша ТОО«Капшагайское НВХ-1973»,-ТОО«HalykBalyk» балық өсіретін шаруашылықтарында өндірістік сынақтар жүргізілді. Әзірленген құрама жем белгіленген жем-шөп коэффициенті 1,3 бірліктен аспады, тек импорттық жемдерден аз ғана артта қалып қойғаны болмаса, шабақтардың өміршеңдігі 85%-ды құрады. Құрама жем экструдирлеу әдісімен жасалды. Бұл оған жоғары сіңімділік пен суға төзімді және сақтау мерзімі ұлғайтылған жем алуға мүмкіндік берді. Тиляпияның тағамдық қажеттілігін талдау негізінде әзірленген бастапқы жемдерді қолдану және оларды балық өсіру тәжірибесіне енгізу тиляпия шабақтарын өсіру тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді және осы бағыттағы отандық аквамәдениетті өсіру мүмкіндігін кеңейтеді.
Түйінді сөздер: тиляпия, бастапқы, құрама жем, рецептура, ақуыз, экструдтау, тамақтану.

 

Комментарии закрыты.