Натрий силикаты мен азот-фосфоры бар қосылыстарды пайдалана отырып отқа төзімді қасиеттері бар целлюлозды материалдарды алу

МРНТИ 64.29.09, 61.67.81                                                             №3 (2020Г.)

Таусарова Б.Р., Абилкасова С.О., Жайлханова А.А.

 

Мақалада целлюлозды тоқыма материалдарына отқа төзімділік қасиет беру үшін натрий силикаты, гуанидин және натрий гидрофосфаты
негізіндегі жаңа құрамды пайдалану бойынша зерттеулер баяндалады. Матаның отқа төзімділігіне бастапқы компоненттердің концентрациясының, термоөңдеудің температурасы мен уақытының әсері зерттелді. Мақта-матаның отқа төзімділік қасиетінің өзгерісін термоөңдеудің үш режимінде жүргіздік: 1000С, 1200С және 1400С. Целлюлозды материалдардың натрий силикаты, гуанидин және натрий гидрофосфаты негізінде ұсынылатын құрамын өңдеудің оңтайлы шарттары белгіленді. Отқа төзімді құрамының концентрациясын және термоөңдеудің температурасын жоғарылатқан сайын, матаның беріктігін жоғалту, айырылу жүктемесі, матаның сыртқы түрі айтарлықтай
өзгермейді. Ұсынылатын құрамдар отқа төзімділіктің неғұрлым жоғары көрсеткіштеріне жетуді қамтамасыз етеді. Өңдеу жұмысы әрлеу кәсіпорындарының стандартты жабдықтарында препаратты жоғары температуралық бекіту деңгейінсіз жүзеге асырылуы мүмкін.
Түйінді сөздер: целлюлозды материалдар, отқа төзімді қасиет, натрий гидрофосфаты, натрий силикаты, гуанидин, золь-гель технологиясы

Комментарии закрыты.