Нан пісіруде қолдануға арналған үшкомпонентті май қоспасын қайта этерификациялау

МРНТИ 65.33.03                                                                               №3 (2020г.)

Темирова И.Ж., Шаймерденов Ж.Н., Далабаев А.Б., Альдиева А.Б., Сакенова Б.А., Жунусова К.З., Муслимов Н.Ж.

 

Май өнімдері нан-тоқаш өнімдерін өндіру кезінде қолданылатын қосымша шикізаттың маңызды компоненті болып табылады. Олар қамырдың реологиялық қасиеттерін жақсарту, нан-тоқаш өнімдерінің дәмдік сапасын және тағамдық құндылығын арттыру, олардың сіңімділігін жоғарылату үшін қолданылады. Бұл жұмыста толық гидрогенизацияланған май, пальма майы және рапс майы негізінде 20/20/60 қатынасында нан пісіруде қолдану үшін үш компонентті қоспаны химиялық қайта этерификациялау жүргізілді. Мақалада май қышқылы
құрамын, балқу температурасын, қатты триглицеридтердің құрамы (ҚТҚ) және қайта этерификацияланған майдың май қышқылдарының трансизомерлерін зерттеу нәтижелері берілген. Осылайша, алынған қайта этерификацияланған май физика-химиялық қасиеттерге ие болды, иілгіштіктің қажетті диапазоны алынды және май қышқылдарының трансизомерлерінің құрамы бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес келді.
Түйіндi сөздер: Май қышқылдарының трансизомерлері, қайта этерификация, гидрогенизация, қайта этерификацияланған майлар.

 

 

Комментарии закрыты.