Электрлік томография деректерін интерпретациялау кезіндегі жер беті бедері әсерін жою әдісі

МРНТИ 39.01.77, 37.01.77                                                                     №2 (2020г.)

Мирғалиқызы Т., Муканова Б.Г., Турарова М.К., Модин И.Н.  

 

Бұл жұмыстың мақсаты электрлік томография деректерін интерпретациялау кезінде жер беті бедерінің әсерінен бұрмалануды жоюдың балама әдісін құру болып табылады. Маңызды мәселелердің бірі – жалған ауытқуларды беретін электрлік томография мәліметтерін инверсиялау нәтижелеріне жер беті бедерінің әсері. Бұл жұмыста жер беті бедерімен деректердің бұрмалануын жою үшін құрылған әдіс, сынақ нәтижелері және жер беті бедері бар екі қабатты орта үлгісі үшін осы әдістің қолданылуы мүмкін болатын параметрлері көрсетілген. 2D-инверсия бағдарламаларында деректерді ары қарай интерпретациялау үшін ұсынылған әдісті қолдану анағұрлым күрделі геологиялық ортаның жер беті бедерінен пайда болған ауытқуларды жоюға ықпалдасады.
Түйінді сөздер: интерпретация, жер беті бедері, интегралдық теңдеулер әдісі, жуықтама кедергі, электрлік томография

 

 

Комментарии закрыты.