Landsat TM/ETM-нен алынған, NDVI негізінде Алакөл алабының өсімдік жамылғысының өзгеру динамикасын талдау

МРНТИ 39.01.81, 36.33.27                                                                                         №2 (2020г.)

 

Сейтказы М.М., Таукебаева М.Т., Актымбаева А.С., Таукебаев О.Ж. 

Мақалада Алакөл алабының өсімдік жамылғысының өзгеру динамикасын зерттеу нәтижелері берілген. Өсімдік жамылғысы әртүрлі физика-географиялық, климаттық ерекшеліктерімен, сондай-ақ зерттелетін аумақтың геоэкологиялық жағдайларымен байланысты өңірдің ерекшеліктерін анықтайтын индикаторлардың бірі болып табылады. Осыған байланысты мақалада қарастырылып отырған аумақта орналасқан метеостанциялардан алынған жауын-шашын деректерін және ауа температурасын салыстыру негізінде Алакөл алабының өсімдік жамылғысының өзгеру динамикасы көрсетілген. 2010-2018 жж. NDVI мәліметтері бойынша өсімдік жамылғысының қазіргі жағдайы қарастырылды және алынған нәтижелер климаттық және өсімдік жамылғысы индексінің карталарында келтірілген. Негізгі көрсеткіштер 2010 және 2018 жылдардағы Landsat 7 ғарыштық суреттерінен алынды, олар ENVI, QGIS және ArcGIS бағдарламаларының көмегімен өңделді. Ғарыштық суреттерге сәйкес, аймақтағы қазіргі жағдай мен талдау нәтижелері келтірілген. Вегетациялық индекстің статистикалық талдауы бірнеше жыл бойынша NDVI өзгерістерінің регрессиялық теңдеулерін алуға мүмкіндік берді. 2010 жылмен салыстырғанда 2018 жылы тығыз және өте сирек өсімдіктердің аудандары ұлғайған.
Түйінді сөздер: Алакөл алабы, өсімдік жамылғысы, климат көрсеткіші, NDVI, Landsat 7, қашықтықтан зондылау, тұрақты даму.

Комментарии закрыты.