Жамбыл облысы «ММ» ШҚ жағдайында қазақтың ақбас сиыры және жергілікті малмен будан төлдерінің ет өнімділігі

МҒТАР 68.39.18                                                                                 №1 (2020г.)

Скачать статью

Ғaбит Г.Ғ., Әміре Г.Н.

Бұл мақалада Қазақстанның оңтүстік өңірінде өсіріліп жатқан қазақтың ақбас сиыры ірі қара тұқымының және жергілікті малмен будан
төлдерінің ет өнімділігінің қалыптасу ерекшеліктерін зерттей отырып, ет өнімділігі көрсеткіштері бойынша тәжірибелік жұмыс жүргізілген және ет өнімділігінің көрсеткіштерін талдау қарастырылған. Қазақтың ақбас ірі қара тұқымының және будандардың өсіп-жетілу ерекшеліктерін ескере отырып, ет өнімділігін анықтаудың маңызы зор деп есептейміз. Зерттеу барысында тұқымының будан төлдері мен жергілікті малының күтіп-бағу және азықтандыру деңгейінің ұқсастықтарына қарамастан қазақтың ақбас сиыры ет өнімділігі бойынша артық көрсеткіштер көрсеткен. Бұл зерттеулердің маңыздылығы сол, қазақтың ақбас сиыры тұқымын тек қана ет өнімділігі бойынша пайдаланып қана қоймай, сонымен қатар тұқымды азықтандыру және күтіп-бағу жағдайларын жақсарту жөнінде ұсыныстар бере отырып, тұқымды ет бағытында дамыту еліміздің ауыл шаруашылық бағытына өте тиімді деп есептейміз.
Түйінді сөздер: қазақтың ақбас сиыры, ет өнімділігі, ірі қара, тірідей салмағы, малдың қоңдылығы, етті тұқым, бұқа, сойыс шығымы, ұша салмағы

Комментарии закрыты.