Қатты бидай өсірудегі 1000 дәннің салмағының және астық сапасы көрсеткіштерінің мәні

МРНТИ 68.35.29                                                                                        №1 (2020г.)

Скачать статью

Мейлиев А.Х.

Жұмсақ бидайға қарағанда қатты бидай құрғақшылыққа, жоғары температураға, сары, қоңыр татқа төзімді және қатты қара күйе көп түсе
бермейді, сондай-ақ қатты бидайдың дәндері піскен кезде түсіп қалмайды. Сол себепті астық өсірудің негізгі бағыты белгілі бір аймақтың экологиялық жағдайына тез бейімделген, тұрақты түсімділігі бар жаңа сорттарды құруға бағытталған. Мақалада өнімділік көрсеткіштері, 1000 дәннің салмағы, қатты бидайдың толық салмағы туралы деректер келтірілген. Жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша сынамалар іріктеліп, эталон ретінде таңдалып алынған Крупинка сортының сапа көрсеткіштерінен асып түскен сапа көрсеткіштерінің үлгілері кейінгі селекциялық жұмыстарға жіберілді.
Түйінді сөздер: қатты бидай, сырғуға тұрақтылық, астық сапасы, астық ылғалдылығы, бидай өсіру.

 

Комментарии закрыты.