Навье-Стокс теңдеулері негізінде каналдарда газдардың ламинарлық қозғалысын гидродинамикалық орнату принципін қолдану

МРНТИ 28.17.31                                                                                        №4 (2019г.)

Урматова А.Н.

Колонналы жылу және массаауысу құрылғыларында саптамалық элемент ретінде пластиналар, цилиндрлер, сфералар мен өзге де денелер кездеседі. Осы құрылғыларда өңдеуге түсіп отырған газ немесе сұйықтық өзара да, каналдар мен саптамалар шекараларымен де көпсатылы өзара әрекеттесуден өтеді. Сондықтан сәйкес модельдейтін теңдеулердің шешілуі, олардың шешімдерінің сандық сызбаларының үйлесу мәселелері туындайды. Бұл жағдайда Навье-Стокс теңдеулерінің көпсатылы каналда динамикалық функцияларды көрсету үшін физикалық жағынан ыңғайлы және жайлы болып табылатын, фазалар мен үздіксіздік қозғалысының сақталуы заңдарын қамтып көрсететін Гельмгольц айнымалыларымен шешудегі орнықтылық мәселесі ерекше өзектілікке ие болады. Осылайша, байланыс тың әлдебір сатысынан бастап динамикалық сипаттамалардың таралымы өзгерісін тоқтатады. Осыдан есепті шығару үшін практикалық қорытынды алуға болады: егер біз, мысалы, каналдың белгілі бір n сатысынан кейін газдың қозғалысы орнатылатынын дәлелдесек, онда келесіде сәйкес теңдеуді шешпесек те болады, яғни n+1-сатысынан бастап таралым бірдей болады деп есептейміз. Осындай әсердің қолданысы есептеу жұмысын, әсіресе күрделі пішінді ұзын көпсатылы каналдар үшін, үнемдеуге мүмкіндік береді.
Түйінді сөздер: Навье-Стокс теңдеулері, Рейнольдс теңдеулері, Пуазейль ағымы, ламинарлық режим, газдардың ламинарлық қозғалысы.

 

Комментарии закрыты.