Сараптама жағдайында дақылдардың анатомиялық параметрлеріне симметриялық емес диметилгидразиннің әсері

МРНТИ 34.29, 34.31.31, 87.15.03                                                           №4 (2019г.)

Утеулин К.Р., Агапов О.А. , Федорина   О.А., Атагаев А.Б., Ахтаева Н.З.

Симметриялық емес диметилгидразинмен ластанған (СЕДМГ) топырақ үлгілерінде өсірілген дақылдар өскіндерінің анатомиялық құрылымы зерттелген. СЕДМГ ластанған топырақ үлгілерінде 5 және 25 мг/кг Саратов сұрыпты, Tríticum aestivum мәдениленген дақылдың СЕДМГ-ге төзімсіз өскіндер тамырының ризодермасының және алғашқы тамырының қалыңдығының азаятыны және керісінше жабайы өсетін Agropyron pectiniforme дақылына СЕДМГ-ге тұрақты өскіндер тамырының ризодерма қалыңдығы және алғашқы тамырының қалыңдығының үлкейетіні көрсетілді. Осылайша стрестік фактор – топырақтың СЕДМГ ластануына өскіндердің қорғаныс реакциясы тамырдың анатомиялық құрылымының өзгеруінен тұрады. Жабайы өсетін дақыл Agropyron pectiniforme өскіндерінің НДМГ топырақтың ластануына тұрақтылығы өсімдік тамырының тінінің жуандығының өсуімен: ризодерма және алғашқы қабықтың өсуімен қамтамасыз етіледі. Ризодерманың, алғаш-
қы қабықтың, тамырдың орталық цилиндрінің, жоғары сезімтал жапырақ эпидермисінің және СЕДМГ-ге төзімсіз мәдениленген дақыл Tríticum aestivum, Саратовская-2 сұрыбы СЕДМГ топырақ үлгісінің ластануының биоиндикаторы ретінде қызмет етеді.
Түйінді сөздер: Симметриялық емес диметилгидразин, астық өскіндері, Tríticum aestivum, Саратовская-29 сұрыбы, Agropyron pectiniforme.

 

Комментарии закрыты.