Сұйық жүйесі бөлінген алмас бұрғы құралының құрылым өзгешелігі және жасау технологиясы

МРНТИ 52.13.07                                                                                       №4 (2019г.)

Мендебаев Т.Н., Смашов Н.Ж.

Терең ұңғыларды алмас құралдармен бұрғылау тәсілінің күрделі мәселесі – оның жобадағы бағытын сақтау, қуат шығыны және толық мәлімет беретін тау жыныстарын алу. Олар ұңғы табанындағы құралдың жұмыс жағдайының күрделенуіне, тау жыныстарының қасиеттеріне, әсіресе жарықшақтарына байланысты болып отыр. Ақпарат көздеріндегі мәліметтерді талдай келе мәселені алмас құралдарының құрылым сызбаларына жаңа физикалық заңдылықтарды енгізу, жасау технологиясына өзгеріс енгізу арқы-лы шешуге болатыны анықталды. Алмас құралының ұңғы табанындағы жұмыс жағдайын жақсарту бойынша оның сызбасына тау жыныстарын қысымды сұйықпен бұзатын тәсіл енгізілген, солай аталған мәселелерді түбегейлі шешуге болады. Тәсілді іске асыру үшін алмасты вакуум инфилтрациясын және қуат қысымымен, одан кейін ыстық қысыммен пісіретін технологияның сызбасы дайындалған. Зертханада жүргізілген тәжірибе жұмыстарының
деректері бойынша жаңа технологиямен жасалынған, сұйықтың қысымымен тау жыныстарын бұзатын алмас құралдарының үлгілерінің жұмысы ұңғы табанына түсетін жүктеме және айналу жылдамдығы азайтылған жағдайда жүреді. Көрсеткіштері жалпы қолданыстағы NQ алмас құралдарымен бірдей.
Түйінді сөздер: бұрғы, тау жынысын бұзатын құрал, Ұңғымаларды бұрғылау, алмас құрал-сайман, бұрғылау схемасы, бұрғылау технологиясы.

 

Комментарии закрыты.