Жүзімді қайта өңдеу қалдықтарынан өндірілген табиғи минералдары бар жемшөп қоспалары негізіндегі қозылар мен қойларға арналған құрама жем

МРНТИ 68.39.15, 65.31.91                                                                        №4 (2019г.)

Алимкулов Ж.С., Велямов М.Т., Сарманкулов Т.М., Жумалиева   Т.М. 

Мақалада 4-5 айлық қозылар, буаз және емізулі саулықтар үшін құрама жем өндіруде табиғи минералдарды (жемдік вермикулит) және жүзім қалдықтарын (жүзім сығындысы) жемдік қоспаларда қолдану мүмкіндігі қарастырылған. Азық қоспасының құрамы оны пайдалану тиімділігінің негізгі факторы және нормативтік-техникалық құжаттама талаптарына жауап беретін құрама жем өндіру шарты болып табылатыны белгілі. Ол үшін азық қоспаларының химиялық құрамы, қоректік және энергетикалық құндылығы зерттелді. Дәндік ұн шикізатын және жем қоспаларын құрама жемге енгізу нормалары анықталды. Әзірленген құрама жемді қолдану саласы құрама
жем өнеркәсібі және мал шаруашылығы саласы болып табылады. Азық қоспаларын құрама жемге енгізу технологиялық және сапалық көрсеткіштерді нашарлатпайды және астық пен ақуыз шикізатын үнемдеуге, қоршаған ортаның ластануын азайтуға мүмкіндік береді.
Түйінді сөздер: жем, жемшөп қоспасы, жүзім маркасы, жемшөп вермикулиті

 

Комментарии закрыты.