Керамдор алу үшін керамикалық композицияның құрамдарын жасау

МҒТАР 67.09.43                                                                                       №3 (2019г.)

Монтаев С.А., Шингужиева А.Б., Монтаева Н.С., Досов К.Ж.

 

Мақалада «Қарағанды металлургия зауыты» АҚ-ның «Алселор Миттал Теміртау» АҚ (Теміртау қ.) табиғи қиыршық тастың орнына
пайдалануға болатын керамикалық материалдарды өндіру үшін домен түйіршіктелген қожды пайдалана отырып, Батыс Қазақстанның шаң-
топырақты саздағына негізделген керамикалық композициялардың құрамын жасау бойынша мәселелер талқыланды. Ғалымдардың әртүрлі атпалы, карбонатты және т.б. тау жыныстарынан қиыршық тасты алу мақсатында жүргізілген зерттеулерге бағытталған еңбектері қарастырылды. Саздақ доменді түйіршіктелген шлак шикізатында керамикалық жол материалын жасауда ғылыми-эксперименттік жұмыстардың нәтижелері келтірілген. Зерттеу нәтижелері Қазақстандағы табиғи және техногендік ресурстарды өңдеу негізінде керамикалық жол материалын өндіру үшін ресурсты және энергияны үнемдеу технологиясын дамытуға негіз болып табылады.
Түйінді сөздер: керамикалық жол материалы, күйдіру температурасы, керамикалық композиция, саздақ, технология, түйіршіктелген доменді шлак, макроқұрылым, беріктік.

Комментарии закрыты.