Қазақстандағы ғылымның аймақтық ерекшеліктері

МҒТАР 06.61.33                                                                                             №4 (2018г.)

 

Беляева Г.Н.      

 

 Қазақстандағы аймақтық ғылымның дамуына қысқаша сипаттама берілген. Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды дамытуға экономикалық құрылымдардың қатысуы және мемлекеттік қаржыландыру бойынша сандар берілген. Әрбір облыс бойынша кейбір экономикалық көрсеткіштер, әсіресе белгілі бір аймақтың экономикалық дамуын сипаттайтын аймақтық жалпы өнімдегі ғылымның үлесі келтірілген. Ғылыми әлеуеттің мүмкіндіктері көбінесе ұсақ әрі экономикалық жағынан тиімсіз жұмыстарға жұмсалатын болғандықтан, жасалған қорытындыларды мемлекеттің ғылымға салатын қаржысын бақылауды ұйымдастыруға ұсыныс ретінде қарауға болады. Бұндай бақылау аймақтық ғылыми зерттеулер бағытын реттеу үшін және белгілі бір саланың өндірісіне енгізу барысында алынған нәтижелерден барынша көп пайда көру үшін өте қажет.
Түйінді сөздер: аймақтық ішкі өнім, ғылыми зерттемелер, Қазақстан ғылымдары, ғылымды қаржыландыру, аймақтық экономика.

 

Комментарии закрыты.