Қаданың төменгі ұшының пішінін оларды қағудың энергия сыйымдылығын және жүк көтергіш қабілеттерін бағалау барысында ескеру туралы

МҒТАР 67.17.15                                                                                         №4 (2018г.)

 

Бекбасаров   И.И. 

 

Қаданың төменгі ұшының пішінінің әсерін бағалау үшін ұшы жоқ, ұшы доғалданған, ұшы пирамида пішіндес, сондай-ақ ұшы сына тәріздес ұшталу бұрыштары әртүрлі қадалар модельдері пайдаланыла отырып, зертханалық зерттеулер жасалған. Тәжірибе жұмыстарының алғашқы сериясында модельдерді бірдей соққылар санымен, ал екінші сериясында – бірдей тереңдікке қағу қарастырылды. Модельдердің жүк көтеру қабілетін бағалау үшін динамикалық сынау әдісі қолданылды. Модельдердің төменгі ұшының пішіні мен ұшталу бұрышының олардың қағылу тереңдігіне, қағудың энергия сыйымдылығына және жүк көтергіш қабілеттеріне әсері анықталды. Зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне сүйене отырып, қада модельдері ұшының пішіні мен ұшталу бұрышының меншікті энергия сыйымдылығы және жүк көтергіш қабілетіне әсерін ескеруге мүмкіндік беретін тәуелділіктер алынды. Формулаларды ғимараттар мен құрылымдардың қадалы іргетастарын жобалау барысында қадаларды таңдау үшін қолдануға кеңес беріледі. Отандық және шетелдік геотехника тәжірибесінде қадалар ұшы пішінінің олардың параметрлеріне әсері ескерілмейді.
Түйінді сөздер: қада, модель, ұшы, топырақ, науа, соққы, ену тереңдігі, меншікті энергия сыйымдылығы, жүк көтеру қабілеті.

 

Комментарии закрыты.