Қызылорда облысының «Рза – Асыл түлік» ЖШС-нің голштин тұқымды сиыры сүтінің май қышқылдық құрамы

МҒТАР 65.63.29, 68.39.29                                                                            №4 (2018г.)

 

Хастаева А.Ж., Смагулов А.К., Умирзаков Б.У., Нургалиева М.Т., Мырзабаева Н.Е.

 

Мақалада көктемгі мезгілдегі малды бағу кезеңіндегі Қызылорда облысының «Рза – Асыл түлік» ЖШС-нің голштин тұқымды сиырлар сүтінің май қышқылдық құрамын анықтау бойынша мәліметтер келтірілген. Зерттеу Қазақстан-Жапон инновациялық орталығының отты – иондау детекторымен Shimadzu GC-2010 Plus газды хроматографында жүргізілді. Жұмыста көктемгі мезгілдегі малды бағу кезеңіндегі голштин тұқымды сиырлар сүті липидтерінің май қышқылдық құрамын зерттеу бойынша мәліметтер бар. Жыл маусымының сүтті мал тұқымына байланысты май қышқылдары бойынша алынған мәліметтер. Мәселен, полиқанықпаған май қышқылдары жиынтығының болуына қарай басымдылық  I топ сиырларында – 3,12%, II-топ сиырларында 2,86%. Қанықпаған май қышқылдарының лайықты ара салмағы I – тәжірибе тобы сиырларының сүтінен алынды. Қаныққан май қышқылдары II – топ сиырлары сүтінің майында көбірек және де ағзаға тек сүтпен келетін майлы май қышқылы осы топтың сиырларының сүт майында басым болды.
Түйінді сөздер: май қышқылдық құрам, газды хроматография, сүт, май, голштин тұқымы.

 

Комментарии закрыты.