Жаңа вирусқа қарсы препараттар жасаудың негізі ретінде өсімдіктердің терпеноидттерін қолдану

МРНТИ 34.25.23, 34.25.37                                                                   №3 (2018г.)

 

Турмагамбетова А.С., Зайцева И.А., Омиртаева Э.С., Соколова Н.С., Богоявленский А.П., Атажанова Г.А., Мукушева Г.К., Адекенов С.М., Березин В.Э.

 

Терпеноидтер – тірі ағзалардың өмірлік процестерін реттеудегі құрылымдық түрлердің және биологиялық рөлдердің әртүрлілігі тұрғысынан теңдесі жоқ жоғары өсімдіктердің қайталама метаболиттер тобы. Табиғи қосылыстардың басқа барлық топтары өкілдерінің саны жағынан асып түсетін химиялық құрылымы анықталған 23 мыңнан астам қосылыстарды құрайтын көптеген заттар тобы. Терпеноидтердің әртүрлі кластарында вирусқа қарсы белсенділіктің болуы, оларды вирусқа қарсы заттар ретінде қолдану жағынан зерттеудің болашағын көрсетеді. Жұмыста кейбір моно-, сесквитерпендер мен тритерпен сапониндардың вирусқа қарсы белсенділігі зерттелді. H7N1 және H3N2 антигендік формуласы бар тұмау вирусының үлгілерінде терпеноидтердің барлық зерттелген топтарын вирусқа қарсы заттар ретінде қарастыруға болатыны көрсетілді.
Түйінді сөздер: тұмау вирусы, терпеноидттар, вирусқа қарсы белсенділік.

Комментарии закрыты.